Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Тамыз, 2021

Жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі

Жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Көмек демеушілер мен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

Облыста арнайы комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Оның мүшелері әр елді мекендегі қираған үйлерді тексереді. Шығын көлемі есептеліп, тиісті шаралар қолға алынады. Әскери бөлімге келтірілген залал да есептеледі. Сапарбаевтың сөзінше, зардап шеккен бір де бір тұрғын көмексіз қалмайды. 

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге келсек, таңнан бері Байзақ ауданының 3 елді мекенін аралап шықтық. Алдын ала есеп бойынша үйлердің шатыры, терезе және есіктері сынып қираған.

 

416 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз