Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Қыркүйек, 2021

Байзақ ауданында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 28 тамыздағы шешімімен Байзақ ауданында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабрлады Әділет министрлігі.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында жергілікті техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жұмыстарының басшысы болып облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев тағайындалды.

Шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде инженерлік оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты. Өрттің себебі әлі анықталған жоқ. Өрт инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға тез жетті.

Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады, ол басқа қоймаларға ойысты. Алапат өрт болып, бірнеше инженерлік оқ-дәрілер жарылды.

Салдарынан 15 адам қаза тапты.

485 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз