Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қыркүйек, 2021

Президент: Қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйе сапасын арттыру қажет

Қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйе сапасын арттыру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

«Тағы бір проблема шықты, қайғы десек те болады. Балалар оқуды тастап кетеді. Өйткені, одан қажеттілік көрмейді. Үкіметке бұл мәселені шешумен байыпты түрде айналысу тапсырылады. Атап айтқанда, қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйе сапасын арттыру қажет. Біздің біліміміз қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, пандемия кезіндегі қашықтан оқыту қорытындысы ұлттық телекоммуникация желісі тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетіп берген.

«Бұл базалық қарапайым білімі жоқ оқушылардың үлкен легінің пайда болуына алып келді»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз