Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Қазан, 2021

Шығыс Қазақстанда үздік құтқарушылар марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар күніне орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті7

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 қазан – Құтқарушылар күніне арналған кеңес өтті.

Шара қызметке жаңадан қабылданушылардың ант қабылдау рәсімінен басталды. ТЖ министрінің бұйрығымен азаматтық қорғау органдарын дамытуда ерекше көзге түскен және үлес қосқан адамдарға Алғыс хаттар мен ведомстволық медальдар табыс етілді. Батылдығымен көзге түскен өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан офицерлер мен ардагерлерді еске алу стелласына гүл шоқтары қойылды.

«Департамент қызметкерлері осы жылдың басынан бастап 5950 шақыртуға жедел аттанған. Соның нәтижесінде 1015 апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, 600 адамды құтқарды. Бұл қызмет – батылдық пен ерлікті талап етеді. Әрбір құтқарушыны, өрт сөндірушіні, сүңгуірді, кинолог пен психологты мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын», - деді облыстық ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов.

1120 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз