Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Қазан, 2021

Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында тағы бір керемет жетістікке қол жеткізді. Португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасында 38 түрлі командаға гол соқты, бұл турнирдегі рекорд болып саналады.

Бұған дейін Криштиану 37 түрлі клубқа гол соққан Лионель Мессимен алғашқы орынды бөлісіп тұрған еді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-турында "Манчестер Юнайтед" "Аталантаны" ұтты. Кездесу Манчестердегі (Англия) "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды. Жеңіс голын дәл сол Роналду соқты.

"Манчестер Юнайтед" үш ойында 6 ұпай жинады және F тобында көш бастады. "Аталанта" (4 ұпай) екінші орында тұр. Келесі турда "Манчестер Юнайтед" тағы да "Аталантамен" ойнайды. Матч 2 қарашада өтеді.

224 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *