Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 23 Сәуір, 2010

Мәдина – Әлемнің кішкентай аруы

«Әлемнің кішкентай аруы – 2009» атты байқауда Қазақ Елінің намысын қорғаған Мәдина Серажиева мисс-ару атанды. Жас жағынан кішкентай болғанымен Мәдинаның бойында ерекше таланттың бары кімді де болмасын қуантады. Ол сән ісін кәсіби деңгейге жақын меңгерсе, қазақтың ұлттық өнерін жақсы көріп, қазақ билерін де тамаша билейді. Фортепианода ойнап, сурет салумен қатар өлең де жазады. Мәдинаның шығармашылыққа ғана емес, спортқа да бейімі бар. Ролик-коньки және велосипед тебуді жақсы көріп, суға жүзуді де ұнатады. Мектепте кілең беспен оқитын ол – қалалық олимпиадаларға қатысып жүрген озат оқушылардың бірі. Мәдинаның тағы бір ерекшелігі – қазақ, орыс, ағылшын, француз, татар тілдерінде де еркін сөйлейді. Ел намысын қорғап, әлемді жалт қаратқан қызымыздың болашағынан күтеріміз мол. Үміт алға жетелейді. Жолың даңғыл болсын, Мәдина! Жексен Сағымбекұлы.

1142 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз