Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қазан, 2021

«Ұлық ұлыс – Алтын Орда» конференциясының пленарлық отырысы басталды

Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы басталды.

Пленарлық отырысты ашқан ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқыды.

Пленарлық отырыс барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамедов конференция қонақтарына Сарайшық жобасын таныстырады. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Дәурен Абаев та құттықтау сөз алады.


Конфренцияның бұл бөлігінде қазақстандық тарихшылармен бірге АҚШ ғалымы Юлай Шәмілоғлы «Алтын Орда қалалары және Сарайшық» атты баяндама жасайтыны жоспарланған.

Пленарлық отырыс аясында конференцияның қарарын қабылдау күтіледі.

Еске салсақ, кешеден бері Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз