Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қазан, 2021

Мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті

Әлеуметтік желіде «Алматыда мектеп оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті» деген ақпарат тарап жатыр.

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі ақпаратты растады.

«2021 жылғы 28 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды», - деп хабарлады білім мекемесі. Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім етті.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полициядан.

339 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз