Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қазан, 2021

Алтынордалық эпостар желісімен ертегілердің шығуын қамтамасыз ету қажет - Д.Абаев

Мемлекет басшысы «Алтын Орда» тақырыбын насихаттау бойынша бірқатар бастамаларды мақұлдады. Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты.

«Оларды келесі жылдан бастап жүзеге асыруымыз қажет.

Бірінші, шетел архивтеріндегі Алтын Ордаға қатысты материалдарды іздеу жұмысын күшейту;

Екінші, республика аумағындағы Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіріп, соның негізінде тарихи-материалдық кешен құру бойынша жоспар дайындау;

Үшінші, ғылыми монографиялардың шығуын пысықтау», — деген ол Жошы, Берке, Өзбек хандардың тарихи рөлін тереңірек зерттеу көзделіп отырғанын атады.

«Төртінші, «Ұлық Ұлыс» энциклопедиясының шығуын пысықтап, Уикипедиядағы Алтын Орда тақырыбына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі контентті жаңалау;

Бесінші, Ұлық Ұлыстың Жошыдан Кенесарыға дейінгі хандары туралы, Алтын Орданың рухани және материалдық мәдениеті, қалалары мен сауда саясаты жайлы деректі фильмдер сериясын шығару мәселесін пысықтау;

Алтыншы, алтынордалық эпостар желісімен балаларға арналған ертегілердің шығуын қамтамасыз ету;

Жетінші, Алтын Орда тақырыбы бойынша ашылған тың деректерді ескере отырып, мектеп және жоғарғы оқу орнындағы Қазақстан тарихы пәні бағдарламасының мазмұнын өзектендіру», — деді Дәурен Абаев.

333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз