Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қазан, 2021

Алматы әуежайында ұшақтарға жанармай құю шектелді

Алматы халықаралық әуежайы авиациялық жанар- жағармай тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады.

«Алматы халықаралық әуежайының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар Қазақстандағы авиациялық жанармай тапшылығына байланысты қабылданды»,- деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабагина.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елорда әуежайы мен «СКАТ» әуе компаниясының авиаотын жетіспеушілігіне қатысты мәлімдемелеріне пікір білдірген болатын.

299 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз