Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қазан, 2021

Әлем чемпионаты: Төртінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Сербия астанасы Белградта бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Төртінші жарыс күнінінде қазақстандық үш боксшы рингке шығады. Күндізгі сессияда аса ауыр салмақтағы (92 келіден жоғары санат) Нұрлан Сапарбай 1/16 финалда жұдырықтасады, оның қарсыласы Испания өкілі Аюб Эль-Айсауи болады.

Кешкі сессияда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов 1/16 финалда жапониялық Рейто Цуцуми кездеседі. Ал 67 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық Кристиан Паласиомен жұдырықтасады.

Күндізгі сессияның тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де, ал кешкі сессия 23:05-те басталады. Жекпе-жектерді тікелей эфирде мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз