Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

29 қазанға арналған күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, фронталды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады, тек еліміздің орталығында жоғары қысымға байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында – жел күшеюі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 25 м/с болады. Күндіз Қазақстанның солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Ақмола облысының шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с болады, күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, таңертең және күндіз – тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының таулы аудандарында да тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында тұман болады. Қарағанды облысының орталығында және шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік аумағында тұман күтіледі.

 

545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз