Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қазан, 2021

Қазақстанда «цифрлы ХҚКО» іске қосылады

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді жылдам және сапалы алу мақсатында «цифрлы ХҚКО», яғни видео ХҚКО қосылады. Яғни кез келген азамат мүмкіндігіне не белгілі бір жағдайларға байланысты цифрлы технологияларды қолдана алмаса, онда ол «мобильді ХҚКО-ны» смартфонына жүктеп, видеобайланыс арқылы шығып, қызметті алатындай жасаймыз, - дейді Бағдат Мусин ОКҚ-да.

Цифрлық даму министрінің сөзінше, ХҚКО сервистік модельге көшіріледі.

Яғни бүгінгі таңда ХҚКО-дағы операторлар халыққа қызмет көрсетеді, бірақ енді халық орталыққа келгенде операторлар оларға цифрлық технологияларға бейімдеу бойынша консультация береді, - дейді ол.

 

 

421 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз