Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 29 Қазан, 2021

Әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшы шығады

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгінқазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады.

Боксшылар күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды. Елорда уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Махмуд Сабырхан (54 келі) Оңтүстік Корея өкілі Ин Кю Киммен кездессе, Айбек Оралбай (92 келі) польшалық Матеуш Березницкимен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессия 22:00-де басталады. Бұл уақытта Саматәли Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучпен шеберлік байқасады. Ал Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі. Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді.

381 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз