Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Қазан, 2021

Жамбыл облысында дизель құйылған цистерналар өртенді

Жамбыл облысында дизель құйылған цистерналар өртенді, - деп хабарлайды  Kazgazeta.kz  ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында "Амангелді ГӨЗ" ЖШС-нің Тараздағы бөлімшесі (газ өңдеу зауыты) аумағында өрт шықты. Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі цистерна жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел қызметіне шақырту сағат 12.4-те келіп түсті", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 13.05-те оқшауланып, 13.17-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы мәлімет жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, алдын ала себеп - мұнай өнімдерін айдау кезіндегі технологиялық процестің бұзылуы.

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз