Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

Атырау облысына QazVac вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілді

Атырау облысына QazVac вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілді.

Облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцина дозалары екпе бекеттеріне таратылған.

«Атырау облысының тұрғындары демалыс күндері де вакцина ектіре алады. Оның ішінде QаzVac вакцинасын да салдыруға болады. Covid-19 инфекциясына қарсы белсенділігі жойылған бұл вакцинаның 1 құтысына 1 доза құйылған. Қазір өңірдегі барлық емханада аталған вакцинаның 500-ден 1 000-ға дейінгі дозасы бар» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендегенін жазған едік.

 

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз