Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

Елорда тұрғындары емханаларға еркін тіркеле алады

Нұр-Сұлтанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау бойынша бекіту науқаны басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«МӘМС: 2021 жылдың 9 айындағы іске асыру барысы және емханаларға тіркелу науқаны туралы» брифингінде айтылғандай мұндай іс-шара 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді.

Бүгінде елорда тұрғындары медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсету үшін 36 медициналық ұйымға тіркелу мүмкіндігіне ие. Олардың ішінде 18 мемлекеттік және 18 жекеменшік нысаны бар.

«Басты артықшылығы – науқан кезінде пациенттер қормен шарты бар мемлекеттік, сондай-ақ жеке медициналық ұйымдарға тіркеле алады», - деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Айта кету керек, науқан кезінде МСАК ұйымына тіркелген азаматтар медициналық көмекті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Маманды еркін таңдау учаскедегі бекітілген халықтың санын ескере отырып, тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады. Егер емхана шамадан тыс жүктелген болса, осы МСАК ұйымына бекітілген қызмет көрсету аймағында тұрмайтын азаматқа бас тартылады. Қолданыстағы нормативтер бойынша учаскеде жалпы практика дәрігерінде 1700 пациенттен артық болмауы тиіс.

2021 жылғы 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша Нұр-Сұлтанда 1 266 190 адам тіркелген.

Егер бекіту ережелеріндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы айтатын болсақ, енді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары болып саналатын еңбек мигранттары МСАК қызметтеріне ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) шарты негізінде медициналық ұйымға тіркеле алады. Тіркелу үшін олар медициналық мекемеге жеке өтініш беруі керек.

Тіркеу науқаны ӘМСҚ дерекқорында тіркелген медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Қолжетімді емханалардың тізімімен www.fms.kz қор сайтындағы «емхананы таңдау» бөлімінен білуге болады.

Азаматтарды емханаға тіркеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені, емхана арқылы МӘМС пакеті бойынша барлық қажетті медициналық қызметті алуға болады.

Толық ақпарат алу үшін өтініштерді Қордың ресми байланыс арналары – 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot арқылы қалдыруға болады.

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз