Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

Солтүстік Қазақстан облысында ковид өрши бастады

Еліміздің солтүстігінде, коронавирус қайта өрши бастады. Тек өткен тәулікте  163 адамнан вирус анықталып, анти-рекорд орнатты.  Аймақта шектеу шаралары күшейтіл-генмен нәтиже жоқ.  Эпидемиолог дәрігерлердің айтуынша, ауру жұқтырса да, қоғамдық орындарда еркін жүрген 108 адам «Ашық» бағдарламасының көмегімен анықталды. 

Тәртіпке бағынбағандарға, төрт жарым миллион теңгедей әкімшілік айыппұл салынған. Ал облыс қызыл аймаққа өткеніне, бір айға жуық уақыт болды. Айта кету керек, ересектермен қатар балаларда ауырып жатыр. 69 мектепте 120 сынып карантинге жабық. Өңірде науқастарға, 1755 төсек -орын дайындалды.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

 - Бүгінгі күні ауруханада 793 адам ем қабылдауда. Оның 60 процентінің жағдайы ауыр. Яғни 51 адам жансақтау бөлімінде. 400-ден астам азамат жасанды тыныс алу апаратына тәуелді. Күніне жүзден астам науқас түседі. Сондықтан жедел –жердем қызметімен дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз