Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

Мұнай резервуарларынан шыққан өрт толығымен сөндірілді

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС (газ өңдеу зауыты) Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД Баспасөз – қызметі хабарлайды.

Ол туралы Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне хабарлама 12 сағат 4 минутта келіп түскен.

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы аттанған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 75 қызметкер мен 21 бірлік техника, сондай-ақ сол жерде құрамында 7 адам және 2 бірлік техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмылдырылған.

Өрт 13 сағат 5 минутта ауыздықталып, 13 сағат 17 минутта сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өрттің алдын-ала себебі – мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы.

Жамбыл облысы ТЖ департаменті барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алады және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігін ескертеді.

483 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз