Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

Сенаторлар ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Владимир Волков пен Нұржан Нұрсипатов ТМД ПАА тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

ТМД ПАА Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Владимир Волковтың төрағалық етуімен өтті. Кездесуге қатысушылар «Шарттық құқық туралы (жалпы ережелер)», «Қаржылық мәмілелер туралы», «Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қорлар туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы (жаңа редакция)», «ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлау құқықтарын сақтау мониторингі халықаралық институты туралы ереженің жаңа редакциясының жобасы туралы» және басқа үлгі заңдардың жобаларын талқылады. Депутаттар сондай-ақ «Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер туралы», «Негізсіз баю және басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет ету салдарынан туындайтын міндеттемелер туралы», «Киберқылмыспен күрес туралы» үлгі заңдар жобалары бойынша жұмыс барысын қарады.

Сенатор Владимир Волков айтылған ескертулерді ескере отырып, ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлау құқықтарын сақтау мониторингі халықаралық институтының филиалдары мен өкілдіктері туралы үлгі ережені пысықтауды ұсынды.

Комиссия мүшелері сондай-ақ құқықтық мәселелер бойынша ТМД ПАА тұрақты комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысының қорытындылары туралы пікір алмасты және Кеңес әзірлеген ұсыныстар бойынша шешімдер қабылдады.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Нұржан Нұрсипатов ТМД ПАА Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Парламентшілер «Ұлттық қауіпсіздік туралы» үлгі заң жобасын талқылады. Бұл заң жобасы халықаралық жағдайдың шиеленісуінен мемлекеттерге төнетін қауіпке, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін

азаматтық қоғамның әлеуетін пайдалану қажеттігіне орай туындайтын бірқатар жағдайға байланысты дайындалған болатын. Отырысқа қатысушылар ТМД-да үлгі заң шығарудың 2023-2025 жылдарға арналған келешек жоспарына ұсыныстар қалыптастыруға байланысты мәселелерді де қарады.

Нұржан Нұрсипатов ТМД ПАА Қауіпсіздік және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы біріккен комиссиясының заңнаманы үйлестіру жөніндегі отырысына да қатысты. Парламентшілер отырыс барысында «Қоғамдық қауіпсіздік туралы», «Шекара қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік шекара туралы» және басқа да үлгі заңдардың жобаларын қарады.

373 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз