Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

«Омбы-Майқапшағай» тасжолында жол апатынан 3 адам мерт болды

«Омбы-Майқапшағай» тасжолында жол апатынан 3 адам мерт болды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» тасжолында Павлодар облысына 1 шақырым қалғанда болған. «Хонда» маркалы автокөлік жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген. Кенет рульге ие бола алмай қалып, көлік аударылып түскен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде көз жұмды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 және 4-бөліктеріне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз