Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2021

Алматыда үй карантинін бұзған 104 адамға айыппұл салынды

Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 104 адамға айыппұл салынды.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 104 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады. Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

466 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз