Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 07 Желтоқсан, 2021

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған байрақты бәсеке 7-12 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Ел біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Мәлім етілгендей, 18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.

Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдері чемпионатты түйіндейді.

667 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз