Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтан–Қарағанды ​​тасжолында бес көлік соқтығысты

Жол апатынан Volkswagen көлігіндегі үш жолаушы дене жарақатын алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 14:13 шамасында Audi автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан-Қарағанды ​​тасжолымен Армандастар көшесіне қарай бара жатып, ара қашықтықты сақтамай, Volkswagen көлігіне соқтығысқан. Volkswagen алда тұрған Škoda көлігін соққан.

Артынша, Kia автокөлігі Audi-мен соқтығысқан. Audi қарсы қозғалыс жолағына шығып, Honda маркалы автокөлікке түйіскен.

Жол апатынан Volkswagen-нің үш жолаушысы дене жарақатын алды, олар ауруханада дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

507 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз