Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 23 Сәуір, 2010

Жылтырағанды жарық деп ұққан жастық-ай!..

d182d0bed0bbd29bd18bd0bdӨлең өлкесіне бет бұрған өзінше сөз саптауға, өрелі ой айтуға талпыныс жасап жүрген жастар Сыр өңірінде де баршылық. Солардың бірі Толқын Қабылшаева. Ол әрбір сөзге жаңа бояу, өзгеше рең беріп, құбылта ойнатыпөз әлемін жасайды. Ғажайып та жұмбақ әлем... Осы ойы оқшау, жаны жұмбақ, күрделі қалпымен өз қолтаңбасын қалыптастыра бастаған ақын қызға «қай кезде де қаламын желді, сезімін селді болсын!» – дегім келеді.Қатира Жәленова, ақын Толқын Қабылшаева, Халықаралық «Шабыт» щығармашылық жастар фестивалінің жүлдегері, «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының редакторы. Поэзия Бір өлең – бір әлем Бір өлең болса – бір әлем Бұл әлем – менің әлемім, Жазсам деп жүрек бұлқынған жанымның тартқан әлегін. Шарқ ұрған шақта, шабытым, шашымнан үнсіз иіскеп, Құмардан шығып сүюге, танытқан және әдебін. Бұл әлем – менің әлемім, Қасиет сұмдық бар мұнда, Қадірін қайта ұқтырар, қаперсіз атқан таңның да. Құдірет өзі дарытқан киесі барда бойында, Тәуекел етіп ене алмас, тәубесіз болса хан мұнда. Өнердің ұлы өлкесін... Өмірлік мекен етсем деп, Ар менен азап жолында адамдық терді төксем деп. Пендеге сынақ бүгіні, бес күндік бейуақ өмірде, Мың адам барып паналар миуалы терек ексем деп. Талпындым, бірде алқындым, Бүршігін жарды бір шыбық, Өркенін жайып өсуге, өлкеден тұр ма қымсынып. Табанын тіреп ұлылар, ұлағат еткен бұл мекен, Ұғынар ма екен ұрпағын, мінәжат еткен, ұмсынып. Ақындық ауыр дерт кейде, айықпас білем ауырған, Жүректі, жанды тілгілеп, тас болып түсер бауырдан. Тілдескің келіп қауыммен, дос тұтып дүние дидарын Көгенкөз, көндей көңілің жақындық іздер жауыңнан. Сол әлем болса, бұл өлең... Жанымның тартқан азабы, Жалынсыз сүрген жай күннен жүректі жыр кеп жазады. Тербесе дағы толқыны, тасынбас теңіз сынды ол, Тереңнен ғана табылар, ғаламды тартқан ғажабы. Сол маржан – менің маржаным, Болса деп талай түн қатам, Үркердей үміт жұлдызға ұйқымды үнсіз ұрлатам. Өлмейтін өлең жазсам деп, тәңірден сұрап бір тілек, Тілектес Ай мен Күнге де тұмар ғып жырды тіл қатам. Арманым болған сол өлең – Жылытса деймін жаһанды, Жауыздық біткен ығатын, болса деп жүзі қаһарлы. Ғұмырды сүрем, ғаламды тербесін деумен Жыр-бесік Өлеңнің Қызыр бабасы, берсеңші енді батанды. Пендеге Тәрк еткен соң тілектің тамашасын Тағдыр ғой, деп несіне таласасың. Тау бөктерін есімің жаңғыртса да, Тәңір исе басыңды- аласасың... Аласасың, несіне таласасың, Ахұр мейлі, табылмас арашашың. Ар мұраты болмаса-Темірказық Ай астында жүріп-ақ, адасасың... Адасасың, тағы да тау асасың Алла өткен өмірмен санасасың. Абақтыдай ғұмырдан баз кешкенде, Аласұрып, бақсыдай бал ашасың. Тағдырыңмен тағы да Таласасың, Таң сәрінің тосасың тамашасын. Танымаған тәңірге тілек қосып, Тамұқ түннің сипайсың қара шашын. Пенде солай үмітін үзбек емес, Пайымынан парасат іздеп елес. Патшакөңіл сән құрған сарайыңда, Парықсыздық болса егер, жүздеп егес. Адам болып келген соң аласарма, Аласаға, асқар шың жарасар ма? Алла берген ғұмырды адал сүргін, Аманатты ұмытпа, таң асарда. * * * Керегі жоқ, Бұл шындықты айта көрме, жек көрем... «Шындық қымбат» деген сәттер - төгіппін ғой текке өлең. Өтірігім қайда менің - өзім ғана сенетін, Өзімді-өзім бақытты еткен, өзге ешкімге өтпеген. Керегі жоқ Бұл шындықтың түбіне ешкім жетпеген, Шырылдаған жан-жүрекпен шыңырауға беттегем. Шаранадай жаңа туып, жалғыз қалған әлемде Өзегімді осқылаған өкінішке кектенем... Талқан етіп, тағдырымның тал-терегін құлатқан, Тәніріме тіл тигізіп, танымастай жылатқан. Тас жүректі шындығымның түңілген сәт жүзінен, Тәнті еткен өтірікті өліп-өшіп ұнатқам. Жалғандықпен жанасты деп, Жаза бассам, сөкпегін, Кей шындықтың керегі жоқ, керегі жоқ өкпенің... Жалғандығы жаханнамнан жақын тұрған өмірде, Ертеңім боп елеңдеткен үміттерім көп менің... Үміттерім ұлы арманға, ұлағатқа бастайтын, Үр қызындай ұяңдығы - үмітсізді жасқайтын. Күмілжіген күдікті ойдың кенезесін кептіріп, Кедергісін қу тірліктің, құла дүзге тастайтын. Ғұмыр барда, махабат бар, Ғадауат бар және де... Ғаділет бар, ғашықтарды жеткізетін мәреге. Ғасырлардың қойнауында жасырынған шындықтан. Аңыз болған арман қымбат, ал өзгесі дәнеме. * * * Бұл өмір Тұрады екен, белдерден, қыраттардан. Армандардан, аңсатқан мұраттардан. Тосылатын сан қилы сұрақтардан Қимастығы қол бұлғап, жырақтардан Құрбылар бар, бұл жолда жылап қалған... Бұл өмір... Куанышын ұсынып, шаттығын да, Батырып-ап жүректі тәтті мұңға. Бақыт болып басыңды айналдырар, Басылмаған сәттерде аптығың да Нендей сыр бар, құрбым-ау ,тапшы мұнда. Сәлден соң... Жауар бұлттай түнеріп қас-қабағы, Селт еткізіп ,сынағы басталады. Қайгысының татқан да ащы дәмін Базына айтып ,баз кешер басқа бағы... Ғұмыр солай кімдерді жасқамады? Менің жаным... Осыдан жасқанады... Жасқанады, жанардан жас тамады. Аласарып армандар асқаралы, Шыңырауға кімдерді тастамады? Талауратқан тағдырдың тас қамалы... Беу,өмір!. Талай сыр бар тербеткен құндағында, Тосының да, көп сенің жұмбағың да. Бәлкім, сенің мұңыңды жырладым ба? Ізі қалған сазды ауыл қырларында, Шаттығымды байқатпай ұрладың ба? Сағыныш көп, сондықтан жырларымда, Сағыныш көп, сондықтан жырларымда... Тағдырға наз Келетінді көгімнен күнді көргім, Кеш қарайса, қайтейін, көндігермін. Кінәләмәй, көз сал да, тағдыр менің, Келбетімнен бір үзік сырды көргін. Көз жанарын кіреуке көлегейлеп, Кірпігімнен үзілген мұңды көргін. Құлай сүйген сезімнің уын ішкем, Уын ішкем, уыздай күйінішпен. Уылжыған арманның тәтті дәмін, Ұрттағым кеп, ұмтылғам сүйінішпен. Тағдыр сенің ұр да жық мінезің-ай, Құлатпақшы болдың ғой, түйіп іштен. Солай, солай... серт бергем сынағыңа, Сенім қалды тосырқап шуағыңа. Селт етпейтін сең жүрек, сейілсін деп, Сыбырлама, таныс үн құлағыма. Секем алған сабырсыз көңілімді, Сергелдеңге салғаның ұнады ма? Қырау тұнған сезімнің терезесін Қаға алмаспын, қоздырып делебесін. Қаракөзді ару деп қалтқысыз жан, Қапияда ай-күнге теңемесін. Қанға сіңген қасиет қорғанымдай, Қайткенмен де бұза алман, ережесін. Неге мұңды жаның деп, Мазалама, Пенделігім бар болса, жазалама. Ақын болсам алғаусыз – арманым не. Ақ жарылған көңілімді, мазалама. Ақиқатты жоғалтқам, алып-ұшып, Тауып бере алмассың, тез арада... * * * Жауыз мінезі жаныма батып жалғанның, Жан-жүрегімді қолыма ұстап, қармандым... Жалт еткен жарық ол дағы менен безініп, Жай-күйімнен де арландым... Жан пида болған..... үмітім шағып бар мұңын... Жазықсыз жүрек жырлайды күйін жарлының. Жазасы қатты жазмышқа жіпсіз байланған, Жат-жұрттық қайран тағдырым... Жалған дүние-ай! жалған намыс пен жалған бақ, Жаралы көңіл, жалғанға қалай алданбақ. Жылтырағанды жарық деп ұққан жастық-ай! Жаза бастың ба, армандап...?! Жылуы мәңгі тоналған жалқы сезімнің, Жоқтауын айтып, бода да бода, көз ілдім... Жасытып мені, жыраққа қашқан жылдар-ай! Жоғалғаныңды сезіндім... Жадырап тапқан бақытым сорға айналып, Жайраған көңіл, қайтесің енді жай налып. Жахұттан қымбат,жалыннан ыстық сәттерді- Жолықтырмассың ай барып... «Жазмыштан озмыш жоқ» деген бабам текті ғой, Қайтесің, көңіл, жай налып? Келмейді бақыт, келмейді уақыт айналып...

1274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз