Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 17 Қаңтар, 2022

ВАК ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесін қарастырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында ішкі нарықты сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі қаралды, - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында сұйытылған мұнай газын (СМГ) электрондық сауда алаңынан (ЭСА) тыс – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде ішкі нарыққа жеткізу жоспары арқылы сату туралы шешім қабылданды.

ҚР Ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына мұнай-газ химиясы кәсіпорындарымен және топтық резервуарлық қондырғылармен (тұрмыстық мұқтаждықтар үшін) қатар СМГ-ны ЭСА-дан тыс сатып алуға құқығы бар субъектілердің тізімін кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізілді, мұндай құқыққа автогаз құю станциялары, газ желісі ұйымдары, газ толтыру бекеттері, газ толтыру станциялары ие болды.

Энергетика министрлігі субъектілердің аталған жаңа санаттары үшін ЭСА-дан тыс ішкі нарықта СМГ-ны бөлуге уәкілетті.

СМГ көтерме және бөлшек саудада өткізудің 150-ден астам субъектісі жұмыс істейтін өңірлердің әкімдіктері осындай субъектілер арасында сұйытылған мұнай газын бөлудің өз тетіктерін әзірлеуге уәкілетті.

2021 жылғы желтоқсанда және 2022 жылғы қаңтарда бөлшек саудада өткізушілер ЭСА-ларда сұйытылған газ көлемдерін көтерме нарық бағалары бойынша сатып алды.

Биыл 5 қаңтарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатуға шекті бағалар белгіленді (өңірлерге қарай – литріне 50 теңгеден 70 теңгеге дейін, шалғай аудандарда – литріне 55 теңгеден 75 теңгеге дейін), сондай-ақ шекті көтерме баға бір тоннасына 38 701 теңгеден 28000 теңгеге дейін төмендеді.

289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз