Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Қаңтар, 2022

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының жаңа директоры тағайындалды

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының жаңа директоры болып Дана Бекбауова тағайындалды.

ҰКП басқармасының шешімі және Өңірлік кеңестің келісімімен облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры болып Дана Бекбауова тағайындалды. Дана Бақытқызы Бекбауова 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы және несие. Банк ісін ұйымдастыру»мамандығы бойынша бітірген. 2002-2022 жылдары «Ақтөбе әйнек» ЖШС директор орынбасары, «Ақтөбе қаласындағы жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, Ақтөбе қаласындағы «АТФ Банк» АҚ, Ақтөбе қаласындағы «Каспий банкі» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АФ жұмыс істеді. 2011-2019 жылдар аралығында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалын басқарды. ӨКП директоры болып тағайындалғанға дейін «Рамазан» ЖШС бас директорының орынбасары болды. Өңірлік кеңес төрағасы Асхат Айтжанов өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысын құттықтап, жетістік тіледі.

Өңірлік кеңес отырысына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы да қатысты. Ол облыс әкімдігінің жұмысы бизнес және «Атамекен» палатасының өкілдерімен тығыз әрі достық ынтымақтастықта жүріп жатқанын атап өтті. Бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруда сабақтастықтың одан әрі сақталатынына сенім білдірді.


 

210 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *