Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Сәуір, 2024

Алматыда «БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» курсы өткізілді

Бітімгерлік операциялар орталығы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырған ағылшын тілінде жүргізілетін оқыту бағдарламасы гендерлік мәселелер саласындағы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Гендерлік мәселелер тұтастай алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгерлік қызметінің, сондай-ақ ұлттық контингенттерді дайындау процесінің өзекті әрі ажырамас бөлігі болып табылады. 

 – Әскери қызметшілерге қақтығыстар барысында дағдарыстық жағдайларға әсер ететін негізгі аспектілерді толық және дұрыс түсіну үшін гендерлік хабардарлық қажет, –  деп түсіндірді курс жетекшісі майор Римма Шакеева. –  Бітімгерлер жанжалдың әртүрлі жастағы және гендерлік топтардың өкілдеріне қалай әсер ететінін түсінуі керек. Бұл сексуалдық, гендерлік зорлық-зомбылық жағдайында дұрыс әрекет ету, талдау және шешім қабылдау үшін қажет.

Осы саладағы хабардарлықты арттыру және ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу бойынша тиісті талаптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік, қауіпсіздік» қарарында баяндалған. 

Қазақстан БҰҰ-ның гендерлік саясатқа қатысты талаптарын сақтай отырып, әйел әскери қызметшілерді бітімгерлік миссияларға қатысуға тұрақты түрде жіберіп келеді.

Бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштерінің жетінші әйел әскери қызметшісі БҰҰ-ның шетелдегі бітімгерлік миссиясы шеңберінде әскери бақылаушы рөлінде қызмет өткеруде. Тағы жеті әйел әскери қызметші ұлттық бітімгерлік контингентінің құрамында Голан жотасына жіберілді. Қазіргі уақытта олар миссия қолбасшысының резервтік ротасы құрамында қызмет өткеруде.

Курстың мақсатты аудиториясы – Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның өкілдері, сондай-ақ Иордания, Нигерия және Тунис Қарулы күштерінің әскери қызметшілері.

464 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз