Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 22 Қаңтар, 2022

Сбердің қолдауымен екі қазақстандық жоба экспортын арттырды

Сбер өз қызметінде экспорттық бағытқа ерекше назар аударады. Былтырдың өзінде Банк ауыр өнеркәсіп, азық-түлік және автомобиль салалары сияқты бағыттарға 14 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Негізгі экспорттаушы мемлекеттер – РФ, Өзбекстан және Тәжікстан, - деп хабарлайды банктің баспсөз қызметі.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы ұйым – «KazakhExport» компаниясымен орнатқан серіктестіктің аясында Сбер Банк Қазақстан Тәжікстандағы ірі банктердің бірі «Амонатбонк» банкі клиенттерінің Душанбе қаласындағы таксопарктін кеңейту және тұрғын үй құрылысы бойынша жобаларын қаржыландырды. Бұл – «СарыАрқаАвтопром» ЖШС-ның 200-ге жуық JAC маркалы көліктерді жеткізуге арналған жобасы және «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС-ның құрылыс арматураларын жеткізуге арналған жобасы. Бөлінетін жалпы қаржы шамамен 5 миллион АҚШ долларын құрайды.

Тәжікстанның жүйе құраушы мемлекеттік жинақ банкі бұл жобалар үшін бірінші аккредитивтерін шығарып та үлгерді.

«Біз Қазақстаннан басқа елдерге, соның ішінде Тәжікстанға өнімді және қызметті экспорттаумен айналысатын түрлі саладағы отандық өндірушілерге қуана қолдау көрсетеміз. Сбер Банк ұсынып отырған сауда-саттықты қаржыландыру құралдары, сонымен бірге KazakhExport-пен бірге ұсынылатын құралдар қазақстандық компанияларға сыртқы нарыққа шыққан кезде қауіпті азайтуға септігін тигізеді, сонымен қатар қазақстандық экспорттаушыларға тиімді шарттардың негізінде жасалатын қаржыландыру ұсынысының есебінен өнімді сатып алушыларды іздеу мүмкіндігін арттырады», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары Александр Титов.

848 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз