Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қаңтар, 2022

257,6 мың қазақстандық жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен 316,2 мың адам толық егілді.

«Pfizer» препаратымен елімізде жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар егіліп жатқанын еске салайық. 26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, вакцинаның I дозасын 582 190 адам, ІІ дозасын 316 281 адам салдырды. Оның ішінде, І компонентімен егілді: - жасөспірімдер – 476 669; - жүкті әйелдер – 24 646; - бала емізетін әйелдер – 75 931. ІІ компонентімен егілді: - жасөспірімдер – 257 635; - жүкті әйелдер – 15 287; - бала емізетін әйелдер – 43 348.

Айта кетейік, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясы 1 192 211 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 021 215 науқас сауығып шықты.

 

697 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз