- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 27 Қаңтар, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммиті басталды.
Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болғанын хабарлады. Атап айтқанда, іс-шара онлайн форматта өтеді.
Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданбақ.
Онлайн өтіп жатқан талқылауға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысуда.

198 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *