Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Наурыз, 2022

Кәсіпкерлік салада міндетті талаптар тізілімі жасалып жатыр

Кәсіпкерлік салада міндетті талаптар тізілімі жасалып жатыр. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ол тізілім 2023 жылдан бастап іске қосылады.

Министр 2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі Заңның күшіне енгенін еске салды. Сол заңды іске асыру үшін бірнеше құқықтық акті бекіту қажет көрінеді.

«Тізбе 164 нормативтік-құқықтық актіні қамтиды. Реттеуші актілер әзірленді, олар бойынша келісу процесі жүргізілуде. Осыған байланысты мемлекеттік органдар жобаларды уақтылы әзірлеу және қабылдау үшін белсене қатысуы тиіс», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, аталған заңның негізгі жаңашылдығы кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыруында.

«Тізілімде реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан оларға талдау жүргізу мерзімдері айқындалатын болады. Егер реттеуші орган осы талдауды мерзімде жүргізбеген жағдайда, онда мұндай актілердің күші жойылады және тізілімінен шығарылады.

Құжат ерекшелігі - тізілімнен шығарылған кәсіпкерлерді мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату.

Тізілім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады. Сонымен қатар бүгінде оны қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды», - деді Әлібек Қуантыров.

419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз