Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Мамыр, 2022

“Канело” Головкинмен үшінші жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді

Екінші орта салмақтағы Әлем чемпионының барлық негізгі титулдарының иегері Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізетінін, артынша WBA Super белбеуінің иесі Дмитрий Биволмен қайта кездесу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Мамыр айының басында «Канело» төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Биволдан жеңілді. 17 қыркүйекте мексикалық Головкинмен трилогияны аяқтауға ниетті, содан кейін келесі жылы ресейлікпен тең түсуге тырысады.

«Бұл қазіргі уақытта бокстағы ең маңызды екі жекпе-жек – Головкинмен (үшінші) жекпе-жек және өкінішке орай жеңіліске ұшыраған Биволмен реванш. Бірақ бұл қайта жеңілмеймін дегенді білдірмейді, мен өте табанды адаммын», - деді Канело мексикалық журналистерге.

 

Фото ашық дереккөзден алынды

 

131 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *