Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Референдум-2022
  • 02 Маусым, 2022

Әділетті қоғам құрудағы жаңа белес

Елімізде жалпыхалықтық референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Күллі әлемде саяси өзгерістер орын алған кезеңде, бұл шараның біз үшін де тарихи маңызы жоғары.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының әділетті Қазақстан құру жолындағы бетбұрыстарын қоғам қолдап отыр. Өзгеріске бейімделіп, тарихи тамырын сақтай білген елдің саяси сахнада тұғыры берік болады.  Конституциямызға жасалатын реформа халықтың да бәсекеге қабілетін арттырады деп сенемін. 

Қазір заман басқа. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың, жаңалыққа ашық қоғамның кезеңі. Біз жаһандық жаңалықтарды қабылдап, саяси сауатты болуға ұмтылуымыз қажет. Өр­кениетті елдердің қатарына ену үшін де халық­тың азаматтық белсенділігі керек. Референдум дәл осы мәселелерді шешеді деп ойлаймын.

Жылдар бойы елімізде ұлт зиялы­ларының дауысы естілмей қалды. Бүгінгі күні осы бағытта да сең қозғалды. Ұлт зиялыларымен санасып, қоғамда пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік беріліп жатыр. Халқымызда «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар емес пе? Мемлекет ісінде де мәселелерді жасырмай, ашық көрсету үрдісі жолға қойылып келеді. Бұл бәрімізді қуантады.

Заңдағы өзгерістер ең алдымен саяси сауат­тылықты талап етеді. Қазақстанның әр азаматы саяси сауатты болса, халықтың билікпен байланысы артып, маңызды шешімдер талқылаусыз жасалмайды. Референдумның да мақсаты демократиялық институтты нығайту болып отыр. Одан кейін бұл өзгерістер жастарға керек. Ұлтымыздың болашағы – солар. Бүгінгі жастардың дүние танымы, әлемді қабылдауы өзгеше.

Заңдағы өзгерістер халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға да септігін тигізеді. Өздеріңізге белгілі, жыл басынан түрлі оқиғалар орын алды. Алаңға шыққан халық бірінші кезекте әлеуметтік жағдайдың төмендігін айтты. Енді хан да, қара да халықпен санасатын күнге жеттік. Бұл – әділетті қоғам құрудың негізгі алғышарты. Осы тұста, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының үлкен өзгерістер орнатудағы бастамаларын қолдауымыз керек. Президентіміз қиын-қыстау заман да халықтың ортасында болды. Енді Жаңа Қазақстан құруда реформалар жасап жатыр. Біз жалпыхалық болып сол реформаларды жүзеге асыруға сеп болуымыз керек. Оның бір жолы – құқымызды қорғап, Ата Заңымызды өзгертуге атсалысу. Сондықтан жалпыхалықтық референдумға барып, Конституцияға енетін өзгеріске ашық пікір білдіру әр азаматтың борышы.

Бүгінгі күні біз ашық қоғам құруға талпынып жатырмыз. Ата Заңда да мемлекеттің қайнар көзі халық делінген. Сондықтан елдегі реформа халықтың жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Бірігіп әділетті Қоғамды бірге құрайық.


Қарагөз СҮЛЕЙМЕНОВА,

Қазақстан Республикасының 

Еңбек сіңірген қайраткері

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз