Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Референдум-2022
  • 05 Маусым, 2022

Референдумды 11 ұйым мен 25 мемлекеттен келген халықаралық байқаушылар бақылайды

Референдум барысын бақылауға 11 ұйым мен 25 мемлекеттен келді. Байқаушыларды еліміздің сыртқы істер министрі мен орталық референдум комиссиясының төрағасы шақыртқан.

Араға 27 жыл салып өтіп жатқан республикалық рефендумда ел аумағындағы 10 мыңнан астам учаскеде науқанның әділ әрі ашық өтуін халықаралық байқаушылар бақылайды.

Нұрлан Әбдіров, Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

– ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға 25 шет мемлекеттен және 11 халықаралық ұйымнан 272 байқаушы қатысатын болды. Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет пен халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал ететінін тағы да атап өткім келеді.  Байқаушыларды тіркеу референдумға 5 күн қалғанда, яғни 30 мамырда аяқталды. Олардың арасында түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері, ТМД парламентаралық ассамблеясының мүшелері бар. Соңғысы еліміздегі саяси науқанға 15-інші рет қатысып жатыр.

Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

– Байқаушылар миссиясының құрамына ТМД-ның атқарушы комитеті, парламентаралық ассамблея және ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының өкілдері, Ресей мен Беларусь кеңесі бар. Біз Қазақстандағы, сондай-ақ өзге мемлекеттерде орналасқан референдум учаскелерінде жұмыс істейміз.

Референдумға халықтың 50 проценттен астамы қатысып, қолдау білдірсе, Конституцияның 3-тен бір бөлігі, яғни 33 бапқа 56 өзгерту енгізіледі. 

Дереккөз: Хабар 24

317 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз