Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Қыркүйек, 2022

Білім, ғылым саласындағы негізгі мәселелердің шешімін айқындады

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында еліміздің бірқатар салаларындағы ең өзекті, түйіткілді деген мәселелерге байланысты жүзеге асырылуы тиіс өзгерістер мен реформалардың бірнеше бағдарын атап өтті. Соның ішіндегі үшінші бағдар – «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бойынша білім, ғылым саласындағы негізгі мәселелердің шешімін айқындады.Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек екендігін атап өтті. Яғни, елімізде маман дайындау үдерісінде техникалық мамадықтарға айрықша көңіл бөлу керектігін, олардың сапасын арттыру мәселесін көрсетті. Сапаның артуымен ЖОО-ларда оқу ақысының да артатынын айтып өтті. Әрине, бұл өзгеріс болашақта ақылы оқитын студенттердің «келіспеушілігін» туындатуы мүмкін. Бірақ, қазіргі жахандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында бағаның артуы – нарықтың заңдылығы, талабы. Осыған орай, мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейде бөлуді жоспарлап отыр. Оның көлемі 30-дан 100 пайыз аралығында болады. Сонымен қатар, білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие де берілетінін айтты. Бұл да ЖОО-да білім алу қолжетімділігін арттыратын фактор болып саналмақ. Тағы бір өзекті мәселенің бірі болып саналатын студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуін ерекше атап өтті. Тіпті, мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік ЖОО-дарының жатақханасы болуын міндеттеді.

Осылайша, санамаланған мәселелердің шешімі үлкен игі бастама болып табылады. Ол өзгерістердің жүзеге асырылуы тек халық игілігіне жұмыс жасайды. Әрине, шешімін таппай жатқан әлі де түйіткілді шарулар да бар. Десек те, президентіміздің «Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды» дегендей, бұл өзгерістердің оң ықпалына біз сенеміз!

 

Бейбіт Кәрібаев, 

Физика-техникалық факультет Қатты дене және бейсызық физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD 

 

544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз