Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Қыркүйек, 2022

Журналистика факультетіне жаңа декан тағайындалды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Бұйрығымен белгілі журналист, талантты қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты Нұржан Қуантайұлы журналистика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

Нұржан Қуантайұлы 1971 жылы, 22-қаңтарда туған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.

Қазақ радиосында аға редактор, Қазақстан Журналистер одағына қарасты Журналистердi қолдау қорының вице-президентi, «Жас алаш», «Ақ жол - Қазақстан», «Айқын», «Алматы ақшамы» басылымдарында жауапты қызметтер атқарып, «Шығыс ақпарат» медиа-холдингін басқарған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде аға оқытушы, «Tenge monitor» газетінің бас редакторы қызметтерін қатар атқарған.

Қазақ журналистикасының ұстаханасы – журналистика факультеті жаңа белестерге көтеріледі деп сенеміз.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

752 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз