Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Қыркүйек, 2022

Студенттер ҚазҰУ музейімен танысты

Еліміздегі ғылым мен білімінің қарашаңырағы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университет музейі студент жастарға рухани-мәдени, тарихи-философиялық ой қалыптастырып келеді. Сондықтан университеттік ортада интеллектуалды ұлт болып жетілудің белгілі кезеңдері дамитындықтан, студенттер музей құндылықтарымен танысып, жылдар бойы жинақталған қазынамен сусындағаны абзал.

Ақыл-ой алыптарының ойларыннан рухтанып, адамзаттың өткені мен қазіргі мәселелерін зерттеп, келешегін пайымдап, тереңнен даналыққа ұмтылуда алғашқы қадамдарын бастаған философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының 1-курс студенттері кураторлық сағат аясында университетіміздегі киелі орын - ҚазҰУ музейімен танысты.

Студенттерге музей туралы орталық қызметкерлері Базаркүл Әміржанова мен Ардақ Жақыпбаева таныстырып өтті. 5000-мыңға жуық эскпонат қойылған музей  2009 жылдың 13 қазанында ашылған. Бүгінде жалпы қорда фото, видео құжаттардан тұратын 12 мыңнан аса жәдігер сақтаулы екен.

Музей аумағында қоғам және университет өміріне қатысты танымдық-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттемелік, инновациялық қызметтер нәтижелі жүзеге асуда. Жыл сайын мұнда әлемнің әр елінен - ғалымдар, мәртебелі қонақтар, студенттер келіп, университет тарихымен танысып, естелік кітабына қолтаңбаларын қалдырып жатады. Онымен студенттеріміз де танысып, қызықтап оқып шықты.

Экспозициялық кешен негізінен - Тарих галереясы, Даңқ залы, Университеттiң тұрақты дамуы деп аталатын залдардан тұрады.

Әсіреасе, болашақ философтар үшін музейдің тарихи-философиялық мәнінің жоғары болғаны ұнады. Бірінші курс студенті Бекарыс Мұқаш: «ҚазҰУ қалашығы-Алматының ең әдемі нүктесінде орналасқан. Қалашыққа кірген бойда асқар Алатау- ғылым мен білім әлемінің заңғар биігіне шақырып тұрғандай болады. Бүгінгі музей таныстырылымы - бізге өзіміз оқитын оқу ордамыздың тарихи кезеңдерінен бастап, жетістіктері, түлектері туралы кең түсінік қалыптастарды. Біз де болашақта осы университтің мақтанышы болатындай түлек боламыз деп ойлаймын»,-дейді.

Шын мәнісінде, бакалавираттың алғашқы күндерінде жүргізілген жұмыстардың тәлім-тәрбиелік маңызы зор. Сондықтан, студенттер бұл кураторлық сағаттан жақсы әсер алғаны анық.

Досжан Балабекұлы,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

философия және саясаттану факультеті,

философия кафедрасының аға оқытушысы, жетекші-эдвайзер

716 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз