Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 14 Қыркүйек, 2022

Абай облыстық сотының төрағасы тағайындалды

Абай облыстық сотының төрағасы болып Қайрат Чакпантаев тағайындалды. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болған.

Қайрат Мұратұлы 1965 жылы бұрынғы Семей облысы Самар ауданында дүниеге келген.

1990 жылы Өскемен педагогикалық институтын «еңбекке баулу пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Самар ауданындағы «Облагропром» компаниясының құрылыс отрядында қосалқы жұмысшы болып бастады.

1996-1997 жылдары «Парасат» ЖШС-де заң кеңесшісі, 1997-1998 жылдары Самар аудандық прокурорының көмекшісі, 1997-1998 жылдары Көкпекті аудандық прокурорының көмекшісі болған.

1999-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, 2000-2001 жылдары қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2002-2003 жылдары ШҚО Бесқарағай ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2003-2004 жылдары Өскемен қаласының №2 сотының судьясы, 2004-2005 жылдары Көкпекті аудандық сотының судьясы болды. 2005-2009 жылдары аталған соттың төрағасы қызметін атқарды. 2009-2014 жылдары аралығында Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы лауазымында еңбек етті.

2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып жұмыс істеді.

Фото: inform.kz

783 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз