Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қыркүйек, 2022

Кураторлық сағаттың маңызы зор

Студент жастардың білімге, ғылымға деген ұмытылысын арттыру жолында университеттік ортаның маңызы зор. Сондықтан, жетекшілік сағаттарда оларға тиісті дәрежеде бағыт-бағдар беру керек. Осы тұрғыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия кафедрасының 1-курс студенттерімен тәлім-тәрбиелік, ғылыми академиялық мазмұнды талқылайтын кураторлық сағат өткіздік.

Күні кеше ғана салтанатты түрде студенттер қатарына қабылданған 1-курс студенттерімен оқу бағдарламалары мен университет жүйесімен  таныстыру жұмыстарын талқыладық. Мәселен, «Univer 2.0» оқу процесін автоматтандыру ақпараттық жүйесі студенттің күнделікті пайдалантын қосымшасы. Сондықтан, ондағы жеке профайлдық жұмыстан бастап, сабақ кестесі, үлгерімі және басқа да қажеттеліктерін мұқият, күнделікті бақылап отыру керек.

Студенттер жетекшілік сағаты аясында универ жүйесі бойынша толғандырып келген сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, әр студенттің жеке тұрмыстық, әлеуметтік жағдайлары бойынша мәселелерін анықтап, оларға кеңестер берілді.

Досжан Балабекұлы,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

Философия және саясаттану факультеті,

Философия кафедрасының аға оқытушысы, жетекші-эдвайзер

677 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз