Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қазан, 2022

Ел үшін айтулы күн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады. Жолдау өте ауқымды әрі барлық саланы дерлік қамтып, нақты мақсатты көрсеткіштермен қамтылған.Жолдауда қарастырылған бес бағдар: экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту жайлы айтып өтті.
   Жолдауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді.
"Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын", - деді президент Қазақстан халқына жолдауында. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет екендігін атап өтті."Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады",деді Қ.К.Тоқаев.
Қоғам мен мемлекет үшін үлкен және маңызды мақсаттар мен міндеттерге бағытталған жаңа үміттер мен бағдарларға толы сайлау 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.  Оның басты мақсаты - қоғамның саяси жүйесін қайта жаңғырту. Жаңа уақыт жедел шаралар қабылдауды талап етеді. Күн тәртібінде түрлі шаралар бар, олардың миссиясын білу үшін биылғы жазда конституциялық түзетулер пакетін қабылдау бойынша референдум өткізумен бірге біздің еліміз кірген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық шындықты мақсатты түрде негізге алу жеткілікті. Бұл жүргізіліп жатқан реформалардың, атап айтқанда кезектен тыс президенттік сайлаудың мәні. Қазіргі таңда жаңа партиялар өздерін ұсынып, тіркеліп жатыр. Бұл процестер науқанға дайындықты көрсетеді,мемлекеттің дамуы барысында әртүрлі өзгерістің болуы қалыпты жағдай.
Біз де өз тарапымыздан мемлекет басшысының бастамасын қолдай отыра,әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің студенттері мен қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылар құрамымен талқылап өттік.Алдағы уақытта еліміз үшін аса маңызды өзгерісті біз де қолдауға дайынбыз және дауыс беру шараларына мемлекетіміздің азаматы ретінде белсене қатысамыз.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Жанибеков А.К Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,Phd докторы

  Дүзбаева С.Б Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,Phd докторы

Серік Темірлан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің магистранты

607 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз