Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қараша, 2022

Министр экономика өсімін арттыру бойынша бірнеше ұсыныс айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында әкімдіктер мен министрліктерге экономиканың өсу қарқынын арттыру бағытында бірнеше ұсыныс айтты.

«Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 8,2% ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсімі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 7 өңірде – Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды», - деді министр.

Оның пайымынша, орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару керек.

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға динамикасының мониторингін күшейту және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау;

2. Инвесторларды сүйемелдеу жұмыстарын барлық деңгейде қолға алу;

3. Өнеркәсіпте жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды пысықтау және әлеуетті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету;

4. Отандық өндіріс тауарларын жеткізудің жоспарланған көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін экспорттаушыларды қолдаудың қолжетімді шараларын ілгерілету;

5. Бизнестің сұраныстарына уақтылы жауап беру және оның қызметін жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

Фото: көрнекі

1032 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз