Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қараша, 2022

ҚазҰУ-да Философия апталығы өтуде

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі (ЮНЕСКО) жанындағы арнайы белгіленген философияға арналған мерекелік күні әр жылдың қараша айының үшінші аптасының бейсенбісіне белгіленген. Алғаш рет 2002 жылы 21 қарашада атап өтілсе, биыл 17 қарашаға тура келіп отыр. Осынау айтулы датаға орай отандық философ-ғалымдар да жыл сайын дәстүрлі түрде мерекені ғылыми, мәдени, әдеби, һәм рухани шаралармен жалғастырады. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының профессор-оқытушы ұжымы Бүкіләлемдік философия күніне арналған апталықты бастап кетті. Мәселен, «Қазақ және француз ойшылдарының философиясындағы ағартушылық идеялар» атты халықаралық философиялық эсселер байқауы, «Өркениет ойшылы: Əбу Насыр əл-Фараби» атты Республикалық шығармашылық конкурсы, «Метафилософиялық мәселелер» атты тақырыпта Республикалық деңгейде арнаулы және жоғары оқу орындары білімгерлері арасында эссе конкурсы жарияланды. Сонымен қатар, кафедра профессоры, философия ғылымының докторы Гүлжиһан Нұрышева «Философия менің өмірімде», аға оқытушы Жадыра Қазиева философия ғылымының докторы, профессор Тұрсын Ғабитовтың өмірі мен  шығармашылығына арналған ашық семинар сабағын, философия ғылымының кандидаты, аға оқытушы Гүлнәр Сембаева мен философия ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әлия Рамазанова «Профессор Тұрсын Ғабитов еңбектерінің құндылықтық әлемі» тақырыбындағы дөңгелек үстел мәжілісін, философия ғылымының кандидаты,, аға оқытушы Әлия Нығметова мен филология факультетінің қазақ филологиясы мамандығы 2-курс студенттері «Қара жорға-Сиртаки» флешмобын, философия магистрі, аға оқытушы Ерболат Қошқарбаев «Философия және халықаралық қатынастар: студенттер көзімен» атты тәрбиелік-танымдық ашық дәрісі және  «Жекелеген ғылымдардағы философиялық мәселелер: магистранттар көзімен» атты тәрбиелік-танымдық ашық сабақтарын өткізді.

Апталық аясында 16 қарашада қауымдастырылған профессор Әлия Рамазанова мен PhD-кандидат, Тұран университетінің аға оқытушысы Айгүл Тайженбетова «Қазіргі заманғы жастардың құндылықтық бағдарының динамикасы» тақырыбында пікіралысу алаңына қатысуға шақырады. Сонымен бірге дәл осы күні «Философияның қоғамдағы рөлі» тақырыбында танымдық-тәрбиелік дөңгелек үстел өтеді. Шараны кафедрамыздың аға оқытушылары, философия магистрі Қанат Нұрғалиев пен PhD-кандидат Гауһар Қонаевалар жүргізеді. 

17 қараша күні философиялық іс-шаралар аға оқытушы Ерболат Қошқарбаевтың «Философия, дентология, медицина арақатынасы: студенттер көзімен» атты тәрбиелік-танымдық ашық дәрісі, PhD, аға оқытушы Досжан Балабекұлының «Философия мен экономика: Қоғамдық даму жолындағы өзара байланыс» танымдық ашық семинары, аға оқытушы Әлия Нығметованың жүргізуімен философия ғылымының докторы, профессор Сергей Колчигинның қатысуымен «Қазақстандық философия: бүгіні, өткені, болашағы» атты ашық кураторлық сағаты, гуманитарлық ғылым магистрі оқытушы Жанболат Хұмарханның «Этика және қарым-қатынас мәдениеті», «The Matrix: Платон, Декарт және Карл Маркс философиясы арқылы талдау» атты ашық семинары, белгілі киносыншы, философия ғылымының кандидаты, доцент Олег Борецкийдің ұйымдастыруымен «Цезарь» кинотеатрында «Мен ‒ Бастаумын» атты фильмнің көрсетілімі жоспарланып отыр. Дәл осы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес университетінің философ ғалымдарының ұйымдастыруымен «Сапалы өмір сүру философиясы» атты республикалық философиялық форумы өтеді. Форумның мақсаты ‒ бүгінгі құндылықтар туралы философтардың ой-толғауларымен бөлісуінде. Шара аясында қатысушылар «Философия қазіргі шақыруларға жауап бере ала ма?,  Адамзаттың ең маңызды мақсаты қандай?, Сапалы өмір дегеніміз не?,  Сапалы өмір сүру философиясы қандай болуы мүмкін?, Бүгінгі құндылықтарға нені жатқызуға болады?», деген философиялық-өмірмәнділік сұрақтарға жауап іздейді. 

Дәл осы күні Кіші Фараби академиясының ұйымдастыруымен өтетін дөңгелек үстел мәжілісінде жалпы философия ғылымының кешегісі, бүгіні мен келешегі талқы өзегіне айналады.  Дөңгелек үстелге философия ғылымының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев, философия ғылымының кандидаты, доцент Лесхан Асқар, философия ғылымының докторы, профессор Тұрсын Ғабитов, философия ғылымының докторы, доцент Берік Аташ және философия кафедрасының профессор-оқытушылары қатысады.

Бүкіләлемдік философия күніне арналған іс-шаралар топтамасын 23 қарашада университетіміздің қабырғасында өтетін философия ғылымының докторы, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының профессоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ұлыбританияның Халықаралық Ғылым және Жоғары Білім академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының академигі Сәбина Шәріпқызы Аязбекованың «Ұлы Дала өркениеті» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі қорытындылайды.

Философия ‒ адам өмірінің мәнін, құндылықтары мен ізгіліктерін, рухани, мәдени дамуын айшықтайтын ғылымдардың атасы. Сондықтан, кез келген сала философияға тәуелді. Өйткені, ғылымдарды философиясыз бөлек қарастыру мүмкін емес. Ғылымдар адамзат үшін ортақ игіліктерді қалыптастырады. Сондықтан, ғылымдар философиямен тығыз байланыста дамиды. Ал адамзат философиямен әлемдік өркениеттің биік белестеріне ұмтылып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының осынау айтулы күнге орай өткізген, әрі өткізгелі отырған шаралары арқылы, студенттерге, жас ғалымдарға, жалпы қоғамға философияның маңызы мен мәні, орны мен үлесі туралы кеңінен әңгімелеп, осы ғылым туралы еркін әңгімелесуге ашық алаң болмақ.

Әсет Құранбек,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі

Досжан Балабекұлы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы

929 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз