Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қараша, 2022

Жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту көзделіп отыр

Бұл туралы Ақтау қаласында жастармен кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты,- деп хабарлайды АҚДМ баспасөз қызметі. 

Дархан Қыдырәлінің сөзінше, министрлік «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеген. Бұл жоба Парламент Мәжілісінде мақұлданып, Сенатқа енгізілді. 

Заң жобасы мемлекеттік органдардың бағыттарымен және құзыреттерімен толықтырылды. Осы Заңның негізгі жаңалықтарының бірі жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту болады. Осылайша, Жастарды мемлекеттік қолдау аясы жұмысқа орналастыру және бизнес-бастамалар және т.б. салаларда 2 есеге жуық яғни, 3,7 млн.адамнан 6 млн. адамға дейін кеңейеді. Аталған заң жобасында жастардың даму индексі енгізіліп, жастардың әлеуметтік қызметтері мен NEET санатындағы жастарға құқықты мәртебе беру қарастырылып отыр.

Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

296 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз