Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Желтоқсан, 2022

Апат ЖЭО-да болған жоқ – Роман Скляр

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр журналист Асхат Ниязовтың Екібастұз жылу электр орталығындағы апаттың себептері мен кінәлілері туралы сауалына жауап берді.

«Апат ЖЭО-да болған жоқ. Тексерудің нәтижесі бойынша құбырлардағы ақаулар станциядағы қызметкердің қате әрекет жасауынан болған. Салдарынан желідегі қысым артқан. Қысым жоғарылап кеткендіктен құбырлар көп жерден жарылған»», - деді Роман Скляр.

Вице-премьер жылу электр орталығының жағдайы жақсы болмаса да, осы уақытқа дейін жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

«Жылдар бойы ЖЭО мен желілер қалай басқарылғаны, басшылар қандай жұмыс жасағаны, қаншалықты күтіп ұсталғаны және жөндеулерге қанша қаржы бөлінгеніне қылмыстық іс шеңберінде баға беріледі», - деп тоқталды Премьер-Министрдің орынбасары.

Брифинг барысында журналист Асхат Ниязов олигарх Александр Клебановтың қазір қайда екенін де сұрады.

«Александр Клебанов қазір Астанада. Өндірістік мәселелерді шешумен айналысып жатыр. Екінші акционер – Сергей Кан осында, яғни станцияда. А.Клебанов ертең келеді», - деп жауап берді Роман Скляр.

Премьер-Министрдің орынбасары Александр Клебановты жауапкершілкке тарту туралы сұраққа мәселе бойынша тиісті тұжырым жасалған кезде қарастырылатынын айтты.

Фото: ашық дереккөзден

258 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз