Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 05 Желтоқсан, 2022

Бақытты әйел

Егер тұрмыстағы әйел жасына қарамастан бақытты көрінсе, сол үшін оның күйеуінің қолын алу керек. Әйелдің жайнауы – азаматының арқасы.  
Ол әйелін қитұрқы мінезімен шаршатпаған. Қара жұмыстың бәрін асыл жарының мойнына асып қоймаған. Боқтық, бейпіл сөздерді айтпағаны. Әйелін сынамағаны. Ауыр сөз айтпағаны. Дауыс көтермегені.  
Ері зайыбын құшақтап, ешкімге көрсетпей өпкені, сүйгені. Әрдайым мақтап, істегеніне алғыс айтып отырғаны. Қауіптен сақтағаны. Көңілі көншімеген, алабұртқан сәттерінде қасынан табылып,  жұбатқаны. Ықыласты қамқорлығының арқасында жайдары әйелге ие болды. Қырықтан асқан кезде бұл қатты білінеді. 
Жақсы күйеудің жары сұлу, сымбатты, көркем, сабырлы. Қашан көрсең күлімсіреп отырады. Немесе үй ішінде бірдеңе тындырып жүреді. Яки, азаматымен қол ұстап кешкі серуенге шығады. Ал басқа күйеулер оларды көргенде қызғанады.  
Неге менің әйелім осындай емес дейді. Әйелді күте алған ғана қадіріне жетеді. Әйелді тұлпарыңдай бапта. Қымбат көлік сияқты аяла. Жай адам ретінде құрметте. 
Жасы келген әр сұлу жардың қасында қолын алуға лайық азаматы бар. Әрине, жалғызілікті сұлулар да бар. Бәлкім, бақытсыз отбасында да сұлулығын сақтап қалған әйелдер бар шығар. Мен әлі ондайларды көрмедім. 
Азамат жарын жас күнінен сақтауы, мәпелеуі тиіс. Сонда жылдар өте келе ол сұлу да көркем болып сақталады. Елдің бәрі әйелден жолы болыпты дер. Болса болған шығар. Жолы болғаннан гөрі адамгершілігі бар күйеудің әйелдің қадіріне жетуі ғой. Әйелдің сыртқы әлпеті мен мінезі ерінің көрсеткен жақсылығына тәуелді. Қандай сөз естігеніне, қандай сезімді бастан кешкеніне байланысты. Жылы сөзден әйел нұрланып, жасарады. Ыстық құшақтан сымбатты бола түседі. Байқатпай өпкенде сұлу да мейірімді болып кетеді. 
Жасы келген жардың түрінен күйеуінің жақсы, жаман екендігін байқауға болады. Қасынан кімді көргісі келетінін ерлер өздері таңдайды: сұлуды ма, мыстанды ма? 
Әйелге мейірім мен жылы құшақ қана керек. Жылы сөз бен қолдау қажет. Басқасын кешіреміз. Махаббат үшін басқасының бәрін кешіруге болады. 

©Анна Кирьянова
Аударған Ш. Әбілда

Фото: Әлеуметтік желіден Суретші Monika Luniak картинасы (Польша)

1488 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз