Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 08 Желтоқсан, 2022

Дертке мұқтаждық таусылғанда, адам сауығады

Дерт – ауырмасаң, түбіне жетпейтін кей нәрсені түсіндіреді.
Көптеген психотерапевттер дерттің бәрінің астарында психологиялық себеп болатынын дәлелдеп жүр. Дегенмен дәстүрлі медицина психосоматикаға әсер ететін жеті түрлі дертті ғана мойындап отыр. «Чикаголық жеті» деп атайды.
Адамда туған мұқтаждықты тек дерт қанағаттандыра алатын жағдайлар болады. Сонда дерт адамға не береді?
1. Еш кінәламастан өзіңе қамқорлық жасау. Дәрі-дәрмек, қымбат тексерістер, процедуралар, талдама жасату – ауырған кезде ғана қажет. Сол ақшаны стилистке, массажға жұмсап көріңіз? Бірнеше буын әйелдерге бұл мүмкін еместей көрінеді. Ақшаны басқаға жұмсағаным дұрыс дейді.
2. Демалуға құқың бар. Көптеген әйелдер фрилансер, не еркін кестемен жұмыс істесе де, бос уақыт тек жүктілік пен ауырған кезде ғана болады деп ойлайды. Бүкіл қоғамдық жүйе сол принципке құрылған. Егер бала мектепке барғысы келмей тұрса ше? Бармауға бір себеп бар – ауырып қалу. Абсурд па?
3. Ет жақыныңа қамқорлық. Қамқорлыққа лайық әйел екендігіңді сезіну. Біздің қоғамда «мықты, қайсар, жетістікке жеткен» адамдарға қамқорлық жасалмайды. Өзіне-өзі қамқор болатындарға уақыт бөлмейміз. Дерт сол жетпей тұрған қамқорлықты алуға себепші. Егер жақындары сонда да көңіл бөлмесе, дерт асқына береді. Оңалту бөлмесінің есігін күзетуге жетері хақ.
4. Туыстар мен достардың ықыласы. Дерт – өзіңнің ерекше екеніңді сезіну. Уақыт, ықылас бөлуге лайық екеніңді түсіну. Сені талқылайды, сен жайлы сөйлеседі. Сен «күннің басты тақырыбына» айналасың.
5. Құрмет. Ауыр дертті бастан кешкен адам қайғырады, ел оған мүсіркеп, аяушылықпен қарайды. «Құдай, дертіме шипа бер» дегенін естігенде оған деген құрмет, ілтипат оянады. Егер қазір атқарып жүрген ісіңе еш құрметің болмаса, ендеше дерт сол құрметті оятады. Өзіңді қаһарман сезініп қаласың.
6. Шешуге тиістіні шешпеудің мүмкіндігі. Бала ауырып қалса, ажырасуды кейінге шегересің. Ауыр дерт үлкен жобаларды кері ысырады. Жақын адамыңа қарап отыру үшін жұмыс пен жеке басыңды ұмыту.
7. Тоқтау, өзіңді тыңдау мүмкіндігі. Дертке ұрынғанда өмір саябырсиды. Бұған дейін кері ысырып, байқамай келген нәрсе назарға ілігеді. Тыныс алуың, әр қадамың маңызды бола салады.
8. «Ажал аузындағы адамның бақұлдасуы». Бейдауа дертке шалдыққан адамның ниетіне бәрі де құлақ асады. Әйелі ауырып қалса, күйеуі неше айдан бері жасамай жүрген кранды, не есіктің тұтқасын жөндеп береді. Сол секілді ауқымды тілектер мен ниеттер орындалады.
9. Әлемді басқа қырынан тану. Дерт басқа өмірге түсіреді. Егер ертеден кешке дейін перденің жиырылғанына қарап жата берсең, төбедегі тесіктен түрлі керемет аң-құсты көрсең, не айтпағымды түсінесің. Қолыңнан келері шағын шаршыдағы көрініс қана болса, әлемді мүлде басқаша қабылдайсың.
10.  Өміріңді сараптап шығасың. Ауыр дерт бұрын ойлауға мұрша болмағанның бәрін санаңа құяды. Бәлкім, бұл менің ақырым деп ойласаң, бұған дейінгі жалған ұғымның бәрі көкке ұшып кетеді. Сен өміріңнің ақиқатымен бетпе бет қаласың. Сол сәтте өмірлік жүйеңнің жаһандық өзгерісі басталады. Өміріңді қайта бағалап шығасың.
Қажеттілік – қанағаттануға тиісті нәрсе. Тек тәсілін біл. Егер ересек адам өзінің қажеттілігін ашық айта алмаса, онда бейсанада «тәннің театры» қосылады. Сосын оның қажеттілігі тәннің манипуляциясы арқылы жүзеге асады.
6-8 жастағы баланың туабітті ауруы – анасының бейсанадағы тапсырысы. Баланың дерті арқылы өзінің қажеттілігін қанағаттандыру. Жұмысқа шықпаудан бастап әйелдік миссиясын орындамаудың қажеттілігіне дейін – «ауыр науқасы бар баланың анасы». Мұндайды бірден ешкім мойындай алмайды. Дайындықсыз қиын. Бейсанасында өте үлкен психологиялық қорғаныс қосылады. Сондықтан бейсаналы істерді саналы әрекетке айналдыру үшін сатылап өсу керек:
1. Өзіңнен сұра: Бұл ауру маған не алуға көмектесіп жатыр? Тізім жаса. Мысалдарын ата.
2. Әр тарауын өміріңе қос. Өзіңді кінәлама, айыптама. Алғың келген нәрсені осылай алғаныңды біл.
3. Қарым-қатынаста да ашық сұрап, қалағаныңды алуды үйрен. Не қалайтыныңды әуелі өзің мойында.
Дертке деген қажеттілік таусылғанда, адам сауығып кетеді.

Ирина Дыбова
Аударған Ш. Әбілда

1155 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз