Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 09 Желтоқсан, 2022

Ұйқыдан қалай ерте тұруға болады?

Ерте тұра аласыз ба? Ерте тұру үшін, ерте жату керек. Бірақ бұл мүмкін емес дейді көпшілік. Ал мамандар мүмкін дейді. Белгілі психолог, психотерапевт мамандардың тұжырымдарын ықшамдап жазып, ұсынайық. 

1. Күнім өнімді, ғажайыптарға толы болсын десеңіз ерте тұруыңыз керек. Бұл туралы ұйқыға жатар алдында ойлаған абзал. Күн сайын ертең мына жұмыстарды іске асырам деп  өзіңізге ұнайтын шаруалардың тізімін жасап, оны күнде кешке қайталап оқып алыңыз. Әр күнді бұл күн ең соңғы күндердің бірі деп ойлап,  мағынаға, махаббатқа толтыруға тырысыңыз.

2. Кешке міндетті түрде жылы суға түсіп, оймен сол күнгі реніш, уайым, проблемаларды сумен шайып жіберіп, керісінше жақсы әсерлеріңізді ойлап, көңіліңізді көтеріңіз. Телефон, компьютерге қарамаңыз. Тіпті, бес минутқа да қоспаңыз. Жатар алдында тойып тамақ ішу немесе ішімдік ішу өте зиян!

3. Кешкі 22.00-ден кейін ұйқыға жату керек. Ең әрі кеткенде 23.00-де жатқан жөн. Ерте жатқанның пайдасы түнде мелатонин гормоны түзіледі.

4.Төсектен тұрып кетуге асықпаңыз. Ұйқыдан оянған соң жұмыстарыңызды ойлап, тез тұрып кетсеңіз стреске ұрынасыз. Физиологтар таңертең төсекте жатып  керіліп-созылудың өте пайдалы екенін дәлелдеген. Ағза оянады. Көңіл-күй көтеріледі.

5. Ұйқыдан күліп оянудың әсері ұшан-теңіз. Ғалымдар күлімсіреген кезде бет бұлшық еттерінің тартылуы мен көңілдің эмоционалды күйінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін тапты.  Күлімдеуді әдетке айналдырыңыз.

6. Айтпақшы, ұйқыдан ояту үшін қойылған сағат қоңырауының шырылынан кейін тағы біраз ұйықтау өте зиян. Оятқышқа өміріңіздің әсерлі сәтін ескен салатын әдемі әуен қойыңыз. Бұл өте маңызды!

7. Ерте тұру арқылы жаныңызға жайлылық пен тыныштық сыйлайсыз.

8. Ұйқыдан тұра сала  ысқылтым су ішіңіз. Таңды жақсы тілек тілеуден бастаңыз.

9. Таңғы ас мәзірін алуан түрлі етіп өзгертіп отырыңыз.

10.Таңертең өзіңізге өте ұнайтын іспен айналысып, өзіңізді марапаттап қойыңыз.

Ұйқысы қанып, ерте тұрған адамның жүзі нұрланып, ерекше сұлуланып тұратынын ешқашан естен шығармаңыз.
Ерте тұрған адам сабырлы қалыпқа түсіп, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы жақсара түседі.
Адамның өзіне деген сенімділігі артып, ішкі жан-дүниесі тыныштыққа бөленеді.

1636 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз