Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 14 Желтоқсан, 2022

Сын көзбен қарасаң сансыз мін табасың...

Жарықтан жарыққа қарай жүр!
- Сын көзбен қарасаң сансыз мін табасың. Махаббат көзімен қарасаң сүюге себеп жеткілікті.
– Қолымнан келмейді деп қарасаң сансыз кедергі кездеседі. Қолымнан келеді деп қарасаң, мүмкіндік жеткілікті.
- Қателік жасадым деп ойласаң, өкініш сансыз. Сабақ алдым деп ойласаң, жақсартатын нәрсе жеткілікті.
- Мүмкін емес деп ойласаң тұйыққа тірелесің. Мүмкін деп ойласаң, алға жылжыйсың.
– Сынап жатыр деп ойласаң, ашуланып, өзіңді қорғайсың.
- Қамқорлық деп ойласаң, қуанасың, ол адамға алғыс білдіресің.
- Проблема бар деп ойласаң  стресске түсесің. Мүмкіндік бар деп ойласаң, көзің  жайнап, көңілің  сергиді.


Амантай Тойшыбайұлының Facebook парақшасынан

 

1191 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз