Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қаңтар, 2023

Елімізде қасқыр ату талаптарына өзгерістер енгізілді

Қазақстанда қасқырларды ату талаптарына өзгеріс енгізілді. Осыған қатысты тиісті бұйрық қабылданды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

«Қазіргі таңда, қасқырларға реттеуді жүргізу, олардың саны туралы деректердің толық болмауына негізделуіне байланысты, экожүйеге нұқсан келтірілуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығына нұқсан келу қаупі төмендеген жоқ. Қасқыр, басқа түрлер сияқты аңшылық объектісі болып табылады. Қасқыр санын аумақтық инспекциялар есептейді. Қасқырлардың үй жануарларына шабуы жағдайында аңшылық мерзімінен тыс реттеу мүмкіншілігін сақтай отырып лимит және квоталар бөлінуі тиіс. Осыған байланысты, қасқырды аңшылық түрлер санатына ауыстыру бойынша шешім қабылданды», - делінген комитет хабарламасында.

Қасқырды аңшылық түрлер санатына ауыстыру тиісті мемлекеттік мекемелермен келісіле отырып қабылданды.

Фото: zen.yandex.ru

446 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз